Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы - страница 47

імен ғылым адамы деген аты зор. Ертеңіне «Мейрамқала ауданында әлі күнге рушылдық, бақастық, бақылдық бар» де-е-еп сайрап тұрса жарамады, намысты қолдан бермеген жөн».
– Інішек, тым асырыңқырап жібердіңіз білем. Бізде әлгі рушылдық әлдеқашан жойылған, бақастық деген болмайды. Себебін басқа жақтан іздеген жөн шығар.
Мен әшейін кейбір жәйттерді еске салғаным еді.
«Тезінің қаттысы-ай сабаздың» деп ойлады Ғайнекең.
– Канал тармағының құлау себебін анықтауға сарапшылар алқасы құрылсын. Оның құрамына астанадан келген профессор Қанай Жанпейісұлын, – деп дауысын дабырайтты. – Аудандық бас мұрапты, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Мұсахановты, Түгіскен ауылының әкімі Сариевті енгізейік. Сарапшылар құрамы жөнінде кімде қаңдай ұсыныс бар?
Ешкімнің «е» деуге жүрегі дауаламады.
– Ендеше аталған құрамды бекітеміз. Іске кіріссін, кемшіліктің бетін ашсын, келесіде қайталанбайтын болсын!
Жұрт аудан әкімінің бөлмесінен сүйретіліп шықты. Ғылым адамы үстел арқалығына жауып қойған костюмін киіп, кетуге айналған еді. Ғайнекең тоқтатты. «Бүгін аудан орталығына кідіретін шығарсыз», –деді. «Қазір сол каналы құлап, елі шулап жатқан ұжымға жедел жүріп кеткеніміз мақұл, науқан уақыты, мезгіл күттірмейді», – деді ғылым адамы. «Үйге соғып, жеңгеңнің қолынан шай ішіп кеткенін жөн», – деді Ғайнекең. «Қайтар жолда болмаса, әзірге ғафу етесіз енді», – деді ғылым адамы. «Ендеше жолдарың болсын, іске сәт, ертеңдері Сырға өзім де құлаймын. Нендей көмек қажет болса айтыңыз, істейміз», – деді Ғайнекең. Ғылым адамы сыпайы қоштасты.
Ғайнекең кең бөлмеде оңаша қалған. Самайын сығымдай түсіп ұзақ отырды. «Үлкен сөздің басы болмаса нетті осы, егер әлгі ғылым адамының сөзі расқа айналса ше?.. Етікке жұққан шаңдай әлі ілесіп келе жатқан бақастық, бір-бірін көре алмаушылық, күндестік секілді әдеттердің бары рас. Бірақ сол келеңсіз қасиеттер жинала-жинала «канал бұзу» деген, мемлекеттік қылмысқа айналады-ау деген кімнің ойында бар. Бұл халықтан бәрі шығады; қазанында қайнап, отында күйіп келеді ғой – біледі. Бұл жұрттан бәрі шығады. Затына үңілмей, зер салмай жүре берсек, әншейін шаруасынан артылмай шарбаяқтаған, күнге күйген, бейнетқор қара қазақ та: ал тамырына үңілсең – терең-терең тағдыр иелері.
42
«Түгіскен каналы тармағының құлау себебі неде?» Осы жәйтті анықтауға ауданнан дүрілдеп комиссия көтерілген. Сарапшылар алқасының төрағасы ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, оның ойы: «Әрбір ұжым каналдың өз тұсынан өтетін үзігін күтіп, қарап тұруға міндетті. Ел аман, жұрт тыныштықта каналды ұмытып, тойшылап жүріп, жарты дарияның суын басына төңкеріп алған Түгіскен шаруа ұжымының әкімі кінәлі. Дереу акт жасап, шара қолданып, ісін сотқа тапсыру керек». Комиссия мүшесі – ауданның бас мұрабы мәңгүрт күйде: «Құдай біледі, канал тармағының осы бір осал тұсын бұзған жайын, көзіммен көргем. Қызыл сумен ілесіп каналға тайыншадай-тайыншадай жайын өткен. Кейінше осы Түгіскен ұжымының дихандары қайраңдап қалған жайын ұстап жепті деп естігем». Комиссияда Астанадан келген су маманы, ғылым адамы Қанай Жанпейісұлы бар. Оның ойы мүлде бөлекше: «Қазақ жүрген жерде ру бар, ру бар жерде жік, алауыздық, алауыздық – канал түгілі Отырар шаһарын қиратқан. Каналды құлатқан бәсекелес диханшылардың өздері». Комиссияға осы шаруа ұжымының әкімі Сұлтанғали да қосылған. Ойлайды: «Әу баста каналдың келешегін ойламай тайыз қазған, енді шіретіп су айдаған мұраптар жауапты. Одан қалса, «жоспар, жоспар» деп айқайлаудан өзгені ұмытқан аудан әкімі кінәлі». Осылайша әркім өз ойымен болып селкілдеп отырғаңда жеңіл газик аудан орталығынан сексен шақырым жердегі ауыл іргесіне жеткізді. Күн кешкіріп калған, ауыл үсті кілкіген шаң, көкала түтін.
– Бұл не пәле? – деп шошынды ғылым адамы.
– Өрістен сиыр қайтқан ғой, – деді Сұлтанғали түсіндіріп.
Май топырақ мәшине доңғалағынан асып есік-тесіктен лап қойды. Қанай Жанпейісұлы үстін қаққыштап тыпырлады. Туфлиінің басына тыжырына үңіліп, көзі бозарды.
– Көшеге неге ағаш екпегенсіңдер?
– Жылда егеміз, жылда қурап қалады. Су жеткізе алмай келеміз.
– Дарияның дәл түбіндегі ауылға су жетпейді. Мынау сұмдық екен!
– Сыр елінің салты қызық, – деп әңгімеге бас мұрап араласты. – Тас төбеде жарты дарияның суын ағызған канал жатыр. Көшелеріне арықпен су жеткізуге мойындары жар бермейді. Ауыз судың өзін құдықтан ішеді. Жарты шақырым жерде ішінде балығы қайнаған көл бар. Балық аулауға ерінеді. Осындағы бомж орыс балықшыдан сасық балық сатып жейді.
– Күріштен қол тимейді тегі, – деді әкім Сұлтанғали.
– Қазақпыз десеңдерші одан да, жатыпішер қазақтар әлі жер бетінде жүр екен–ау! – деп Қанай Жанпейісұлы жаман кекетті.
Күн қып-қызыл шаңға сіңді. Төбеден сыпсыңдап дарқоңыр өтті. Мәшине әкімнің үйінің тұсына лық тоқтады.
– Үйге түсіп дем алайық. Шаруаны ертең бастармыз, – деді ауыл әкімі. Бас мұрап мәшинеден түсе бере үстін қаққыштап жатыр. Қанай Жанпейісұлы тапжылар емес.
– Әлгі күріш танабын суға алғызған күрішші кім еді?
– Батыр Елғондыұлы.
– Мен сол үйге түсемін. Уақыт ұттырмай танысайын, сөйлесейін, зерттейін.
«Зерттейін» деген сөзді қасақана нығыздап айтты.
– Ол үйде жағдайыңыз бола қояр ма екен, – деп шаруа ұжымының әкімі жігі-жаппар жалынды. – Ертең-ақ зерттейсіз. Тіпті болмаса мәшине жіберіп осында алдырамыз.
Қанай Жанпейісұлы қыңырайып отырып алды. Амалсыз бөлінетін болды. Ертесіне бұзылған канал басына қосыла шығатын боп уағдаласты. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қыңыр өкілден қымсынды білем, әкімнің үйіне құлауды құп көрмеді. «Танысымның үйіне барамын», – деп аршындай адымдап ол жөнелді. Бас мұрап пен әкім екеуі сіресіп отырған Қанай Жанпейісұлын қолпаштаған күйі ауыл шетіндегі дихан үйіне әкеліп салды, қошатысып қайтып кетті.
Былайғы оқиға докторлық қорғаннан да қиын әңгімеге ұласты.
Қара ағаш тіккен кең аула. Аула төрінде шикі кесектен өрген жатаған үй, үйде төрт бөлме болуға тиіс. Өйткені төрт жағында төрт терезе. Сол қанаттан отын, шөп жинайтын қора, қыста сиыр ұстайтын бастырмалы мекен-жай қалқияды. Оң қанатта кісі бойындай ыстанған тандыр пештің үңірейген аузында мүлгіп-қалғып сұр мысық отыр, көптен бері нан жабылмаған пеш болды. Есік аузында темір қазықта кішкентай қызыл бұзау имеңдейді. Маңында ақ кимешекті кейуана күйбеңдеп жүрген, кешкі масаға түтін салып жатқаны көрінді. Келіп түскен бөгде кісіні көріп, белін жазып, жылы сәлемдесті. Қанай Жанпейісұлының суыртпақтап сұраған қыруар сауалына «шүкір» деп жалғыз мәрте жауап берді. «Өзімде де обал жоқ» деп ойлады ғылым адамы. «Үлкен ұжымды дөңгелетіп отырған әкімнің төрінде шәниіп шұбат ішіп жататын кісімін; қисығына қыңырайып: «диханмен сөйлесемін, зерттеймін», – деп болмадым. Ал енді «зертте, кітап жаз»... Кейуана үйге бастады. Кіреберіс есік жақтауындағы тетікті басып жарық жақты. Қанай Жанпейісұлы кейуананың кебісін қалдырғанына ойланып, туфлиін шешті, оң бүйірдегі бөлмеге өтті. Мұнда самаладай жарық, жарық қып тұрған электр шамы емес – кітап оқып отырған қыз бала ма деп ойлады. Толып піскен жүзімдей мөлдіреп тұр-ау... мөлдіреп тұр... «Шаңның арасында да осындай періштелер жүреді екен-ау» деп ойлады. Қыздың көз тартқан сұлулығы қай жерінде екен деп басы қатты. Тік түскен торсықтай маңдайы ма... ұшы қайқы қасы ма... аумақты жанары ма... қыр мұрыны ма... торсиған қызыл еріні ме... үшкіл иегі ме... ажырата алмай қиналды. Кейуана үні есін жиғызды.
– Айменкүн, неғып сілейіп қалдың? Кісіге көрпеше сал!
Төр алдына масаты көрпеше жайылды, көпшік тасталды. Қанай Жанпейісұлы костюмін шешіп қабырғадағы көр шегеге ілмекші-тін, қыз келіп алды. Төргі бөлмеге кетті. Көрпеше үстіне малдасын құрып отыра берген, аяғы құрғыр бүктеліп астына түспей, қос тізесі шодырайып, төңкеріліп қала жаздады. Күрік болған тауықтай қолайсыз шоңқиды. Бойжеткен сыңқ етіп күліп жіберді.
– Қарағым, жайласып отыра бер. Батыр ел жата келетін әдеті. Күріштігін су алғалы жан тыныштығын ойлауды қойған. Жаңа жер аршып, жыртып, көгертіп шәт-шәлекейі шығып жүр... Жұртқа ұқсап шіләпі киіп, өкімет болуды құдай оған жазбаған. Әкесі сонау жылы өлді. Мен аурулы болдым. Екі қарындасы жас: қит етсе – мал, қит етсе – тамақ, қит етсе – көйлек тап деп біз зарлаймыз. Жастайынан бейнетке килігіп миы ашып кетті қарағымның.
Бұл кезде Айменкүн сыртқа самаурын алып шықты.
– Мына қыздың онды бітрігеніне жылдан асты. Көк етіктіні таба алмай, көн етіктіге қарамай отырып қалды. Қарындасының үйде отырып қалғаны Батыржанға оңай тиіп жүрген жоқ.
Алдында жатқан кітапты кейуана ысырып тастап, жайнамазын жайып намаз оқуға отырды. Қанай Жанпейісұлы кітапты қолына алған. Шыңғыс Айтыматов. «Тау мен дала хикаялары». У-у-у. Ғылым адамы көркем әдебиет кітабын оншалық жаратпайтын. Жазушылардың бәрін өмірден қалыс жүрген, қияли кісілер деп ойлайтын; жазушының сөзін бұлттың арғы жағындағы аққудың сұңқылы деп аңызға телитін.
Ішке Айменкүн енді. Самаурынның табы ұрды ма, беті қызарып, манағыдан бетер сұлуланып кетіпті. Осы мезет ғылым адамы өзінің қырықтан асып, қырқылжың тартса-дағы бойдақ жүргенін есіне алды. «Әуелі аспирантураны бітірем деп жанталастым, сосын кітапханадан шықпай үш жыл шұқшидым. Кандидаттық диссертацияны қорғаймын деп қалбақтап жүргенде ғылыми жетекшім қайтыс болды. Тақырып жаңартып жүріп кандидаттығын қорғаған, докторлығын жазған. Енді қараса қыздың да, бозбалалықтың да қызығы қалмағандай, желігу, желпіну жоқ. Қарап отырып архив қопарғысы келеді. Қыздармен сөйлессе – есінейді. Өстіп жүріп ғылым ұйығына белшесінен бата түсті. Докторлық диссертация шашын сиретіп, курортқа барып қымыз ішті, ел көрді, кісілік қалпына қайта оралды. Енді қыруар ақшаның қызығын көргісі келеді, бойжеткенге көңілі ауады. Бұрын екі сөзінің бірі: «Зерттеймін, жаңалық ашамын» еді, енді: «Көңіл құсы, өмір дәмі» дейтін болыпты. Бұған да шүкіршілік.
– О, құдая құдауанда, пендеңді әуре-сарсаңға сала көрме.
Жалт қараса кейуананың үні екен.
Текемет етегіне бір тізерлеп қана отырған Айменкүнге Қанай Жанпейісұлы әзіл тастады.
– Кітапты көп оқиды екенсіз, көз майыңызды тауысып алмаңыз.
– Жақсы кітап қолға сирек түседі.
– Шыңғыс Айтыматовтың «Ақ кеме» деген мақаласын мен де оқыған едім.
– Мақал емес, ол хикаят қой.
Ғылым адамы өзінің-дағы көркем әдебиеттен хабардар екенін сездіргісі келген. Қапелімде қыз сөзінен секем ап қалды, шамданбады. «Әдебиет болған соң оның хикаяты қайсы, мақаласы қайсы, тасқа басылған соң бәрібір емес пе» деп ойлады. Айменкүн: «Мынау нағыз тымырсық екен», – деп ойлады. Кейуана жайнамазын жинады. Осы мезет сыртқы есік сарт ашылып, сөмке ұстаған талдырмаш қыз іше ентіге енді. Жанары шырадай жайнаң қағады.
– Үйге қарай жүгірме деп қанша қақсаймын, - деп кейіді шешесі.
Талдырмаш қыз ашық екен.
– Құдық басында Сұлтанғалидың келіншегі ұшырасқан. «Үйіңе Астанадан профессор келді», деді, көрейін деп асықтым, апа.
Қыз үні нақа «ауылға Африкадан піл келді» дегендей естілді. Кейуана ернін сылп еткізіп Қанай Жанпейісұлына аңырая қарады. Әлгі шұнақ қыз жоғалған үй халатын іздеген боп «профессорды» бір айналып шықты. Айменкүннің жүзіне алау жүгірді, лып етіп көтеріліп сыртқа беттеді. «Ыңғайсыз екен тегі». Ғылым адамы малдас құрған кезде сырқырап алып бара жатқан тізесін сипады.
– Алтынтана, қонаққа жастық таста, – деді шешесі дауыстап.
Көйлегін ауыстырып, үй халатын киіп үлгерген шұнақ қыз төргі бөлмеден жастық әкелді. Әлгіде Айменкүн көпшік тастаған. Көпшік пен жастықты қос қабаттай қылжия құлады. Мұзға тайып жығылған түйеге ұқсады.
– Елге келген соң қазақшылықтан қашып құтыла алмаймыз, – деп өзінің осы жатысын жуып-шайды.
rekomendacii-po-sostavleniyu-plana-meropriyatij-k-primeru-1-zhilishno-kommunalnoe-hozyajstvo.html
rekomendacii-po-sostavleniyu-plana-raboti.html
rekomendacii-po-sostavleniyu-portfelya-dostizhenij-k-omu-i-zachem-neobhodimo-imet-portfolio.html
rekomendacii-po-sostavleniyu-programmi-raboti-socialnogo-pedagoga-s-podrostkami-prichislyayushimi-sebya-k-neformalnim-molodezhnim-obedineniyam.html
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат